locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өз үйіндегідей: Рим жанкүйерлері Бубликке ерекше қолдау көрсетті

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Өз үйіндегідей: Рим жанкүйерлері Бубликке ерекше қолдау көрсетті
ФОТО: Getty images

Александр Бублик ATP-1000 санатындағы беделді Рим турнирінде жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда ресейлік Роман Сафиуллинді 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Кездесу турнирдің ең көрнекті корттарының бірі - Никола Пьетранджели атындағы кортта өтті.

Италияда өткен матчқа қарамастан, Бублик өзін туған жеріндегі кортта жүргендей сезінді. Әр ұпай, әр сәтті соққысы көрермендердің қошеметімен, қолдауымен және жылы лебіздерімен сүйемелденіп отырды. Әсіресе матч барысында 1:4 есебімен ұтылып жатқан сәттерде де жанкүйерлер үнсіз қалмады - олар Александрдың басты тірегіне айналды.

Енді келесі кезеңде Бублик Мадрид турнирінің қазіргі чемпионы, норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Айта кетейік, қазіргі таңда Александр ATP рейтингінде 76-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie