locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Юлия Путинцева Уимблдонмен қош айтысты: жұптық сындағы жеңіліс – соңғы матч болды

Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші кезеңінде өнер көрсетуді аяқтады
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Юлия Путинцева Уимблдонмен қош айтысты: жұптық сындағы жеңіліс – соңғы матч болды
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева Уимблдон-2025 турниріндегі өнерін аяқтады.

Жұптық разрядтың алғашқы айналымында ол америкалық Пейтон Стернспен бірлесіп ойнаған болатын. Алайда қос теннисші жарысты жалғастыра алмады – олар тайваньдық Чжань Хаоцин мен чехиялық Барбора Крейчиковаға 6:7, 2:6 есебімен есе жіберді. Матч 1 сағат 26 минутқа созылды.

Ұлыбритания. Уимблдон, WTA, Жұптық сайыс

Путинцева/ Стирнс – Чань Хао-Чин/Крейчикова - 6:7, 2:6

Айта кету керек, бұл матч Юлия үшін Уимблдондағы соңғы кездесу болды. Бұған дейін ол жекелей сынның алғашқы айналымында-ақ турнирмен қоштасқан еді. Қазақстанның екінші ракеткасы америкалық теннисші, әлемдік рейтингтің 12-сатысында тұрған Аманда Анисимовамен кездесіп, 0:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңілген болатын.

Қазіргі таңда Юлия Путинцева WTA рейтингінде жекелей сында 33-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie