locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі турнирде екінші айналымға өтті

Теннис
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі турнирде екінші айналымға өтті
ФОТО: Getty images

Бүгін, 6-7 наурызға қараған түні Индиан-Уэллсте жұптық разрядта теннистік матч өтті.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева даниялық Клара Таусонмен бірігіп турнирдің 1/16 финалында жапондық-испандық жұп Макото Ниномия мен Сара Соррибес-Тормомен кездесті. Кездесудің қорытындысы Путинцева/Таусон жұбының жеңісі болды 2:1 (6:0, 4:6, 10:5). Матч 1 сағат 21 минутқа созылды, үшінші сетте қыздар супер тай-брейк ойнады.

1/8 финалда бұл жұп матч жеңімпаздары Даниэль Коллинспен (АҚШ) / Дезире Кравчикпен (АҚШ) – Елена Остапенко (Латвия) / Эллен Переспен (Австралия) кездеседі. Сондай-ақ, Юлия Путинцева Чехиялық Катерина Синяковаға қарсы 1/32 финалда ойнайтынын атап өткен жөн. Олардың матчы 9 наурызда сағат 23.00 - де өтеді.

АТР. Индиан-Уэллс (жұптық)

Юлия Путинцева (Қазақстан)/Клара Таусон (Дания) - Макото Ниномия (Жапония)/Сара Соррибес-Тормо (Испания) – 2:1 (6:0, 4:6, 10:5)

Сондай-ақ оқыңыз: Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie