locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Юлия Путинцева Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің келесі кезеңіне сенімді түрде өтті

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Юлия Путинцева Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің келесі кезеңіне сенімді түрде өтті
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында өнер көрсетті. Оның қарсыласы АҚШ өкілі, әлемдік рейтингтің 67-ракеткасы Маккартни Кесслер болды.

Юлия матчты екі сетте 6:2, 7:5 есебімен сенімді түрде аяқтап, жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Путинцева ойын барысында үш эйс жасап, екі қос қате жіберді және тоғыз мүмкіндіктің үшеуінде брейк-пойнтты сәтті жүзеге асырды.

Ал Кесслер бірде-бір эйс жасай алмады, бір қос қате жіберді және екі брейк-пойнт мүмкіндігінен бірде-бірін жүзеге асыра алмады.

WTA 500 санатындағы хард турнирі Брисбенде 2024 жылдың 29 желтоқсанынан 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін өтеді.

Келесі кезеңде Юлия Путинцева Арина Соболенко мен Рената Сарасуаның арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie