ВИДЕО. Матчтан бас тартқан Джоковичке жанкүйерлер наразылық танытты
Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалында Новак Джокович пен Александр Зверев арасындағы матчта серб спортшысының сол жақ жамбасындағы жарақатына байланысты ойынды тоқтату туралы шешімі жанкүйерлердің әртүрлі реакциясын тудырды.
“Достар, жарақат алған спортшыға ысқырмаңыздаршы. Барлығы билетке ақша төлегенін, тартысты көргісі келетінін түсінемін. Бірақ Новак бұл спортқа бар күшін салды. Ол осы турнирде іш бұлшықеті мен жамбас бұлшықеті жыртылып тұрса да жеңіске жеткен. Егер ол матчты тоқтатса, демек, ойынды жалғастыра алмайды”, — деді Зверев Tennis Channel-ге берген сұқбатында.
37 жастағы Джокович бірінші сетте (6:7, 5:7) жеңілген соң матчтан бас тартты. Бұған дейін Карлос Алькарасқа қарсы ширек финал матчында ол медициналық үзіліс алған болатын, ал Зверевпен ойынды бастар алдында жаттығуға қатыспады.
Екінші жартылай финалда Australian Open турнирінің қазіргі чемпионы италиялық Янник Синнер мен америкалық Бен Шелтон кездеседі.
Новак Джокович Australian Open оның соңғы турнирі болуы мүмкін екенін меңзеді