locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

US Open жеңімпазы қазақстандық теннисші Қытайдағы супертурнирдің 1/8 финалына шықты

Анна Данилина Уханьдағы WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
US Open жеңімпазы қазақстандық теннисші Қытайдағы супертурнирдің 1/8 финалына шықты
ФОТО: Getty images

Қазақстанның үздік жұптық теннисшісі Анна Данилина Қытайдағы беделді WTA 1000 турнирін сенімді жеңіспен бастады. Сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсеткен қазақстандық спортшы алғашқы айналымда америкалық дуэт - София Кенин мен Дезире Кравчикке қарсы ойнады.

Алғашқы сетте Данилина мен Крунич жинақы қимылдап, шешуші брейкті жүзеге асырды - 6:4. Екінші партияда тартыс шиеленісіп, жанкүйерлерді біраз толқытқанымен, Анна мен оның сербиялық серіктесі сенімділік танытып, кездесуді жеңіспен аяқтады - 7:5.

WTA 1000, Ухань. 1-ші айналым (жұптық санат)
Анна Данилина (Қазақстан) / Александра Крунич (Сербия, №8) - София Кенин (АҚШ) / Дезире Кравчик (АҚШ) — 6:4, 7:5

Айта кетейік, Анна Данилина қазіргі таңда WTA жұптық рейтингінде 12-орында тұр. Бұл көрсеткіш оған Қазақстандағы ең мықты жұптық теннисші мәртебесін сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie