locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

US Open финалист қыздары анықталды

АҚШ Ашық чемпионатының басты матчында Аманда Анисимова мен Арина Соболенко кездеседі
Теннис
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Нью-Йоркте өтіп жатқан Үлкен дулығаның АҚШ Ашық чемпионатының финалист қыздары белгілі болды.

Сегізінші нөмірлі Аманда Анисимова бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осаканы керемет камбэкпен жеңіп шықты – 6:7, 7:6, 6:3. Бұл тартысты матч 2 сағат 56 минутқа созылды.

Анисимова үшін бұл – маусымдағы екінші Үлкен дулыға финалы және Нью-Йорктегі алғашқы финал.
Енді шешуші ойында ол Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкоға қарсы титул үшін таласады. Жеке кездесулер бойынша есеп 6:3 есебімен америкалықтың пайдасында.

Ал әлемнің қазіргі бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open жартылай финалында Джессика Пегуланы да қайсарлықпен 4:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Соболенко үшін бұл қатарынан алтыншы хардтағы «Шлем» финалы және осы маусымдағы үшінші Үлкен дулыға финалы болып отыр.

Сонымен қатар, беларусь теннисшісі АҚШ Ашық чемпионатының финалына үшінші жыл қатарынан жолдама алды.

US Open финалы 6 қыркүйекте өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры — $90 млн.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie