locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Туған күніндегі жеңіс: Рыбакина Берлиндегі турнирде екінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші америкалық қарсыласынан басым түсті
Теннис 18 мау 2025 00:08
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Туған күніндегі жеңіс: Рыбакина Берлиндегі турнирде екінші айналымға өтті
ФОТО: Getty Images

Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Берлин турнирінің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Ол америкалық Эшлин Крюгерді 6:3, 7:6 есебімен ұтып, екінші айналымға жолдама алды.

«Бұл өте қиын матч болды, әсіресе екінші сет. Маған брейк жасауға бірнеше мүмкіндік берілді, бірақ оларды пайдалана алмадым. Алайда тай-брейкте жақсы ойнадым. Бұл өзіме деген керемет сыйлық болды! Мен ұпайдан ұпайға дейін күрестім. Екінші сетте ол өте жақсы доп қабылдай бастады, сондықтан өзімнің геймдеріме барынша назар аударып, мүмкіндік туған сәтте тәуекелге баруға тырыстым», – деді Елена матчтан кейінгі сұхбатында.

Айта кетейік, бұл матч Елена Рыбакина үшін ерекше күнге – туған күніне (17 маусым) сәйкес келді. Бүгінде ол 26 жасқа толды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie