Төрткіл сында жүйке сынағы: Рыбакина әрең дегенде WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына өтті
Рыбакина Бейжіңде ауыр жеңіске қол жеткізіп, үшінші айналымға өтті
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-1000 санатындағы беделді Бейжің турнирін қиын сынақпен бастады. Екінші айналымнан жолға шыққан әлемнің 10-нөмірлі теннисшісі рейтингте 90-орында тұрған америкалық Кэти Макнеллиге қарсы кортқа шықты.
Кездесу аса тартысты өтіп, 2 сағат 29 минутқа созылды. Рыбакина ойынның барысын өз пайдасына бұрып, үш сетте жеңісті жұлып алды – 7:5, 4:6, 6:3.
WTA 1000. Бейжің. Хард. 2-айналым
Елена Рыбакина (Қазақстан, 10) – Кэти Макнелли (АҚШ, 90) – 7:5, 4:6, 6:3.
Осылайша, қазақстандық жұлдыз турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды. Енді оның қарсыласы рейтингте 66-орында тұрған Германия өкілі Ева Лис болмақ, ол сенсациялық түрде келесі айналымға өткен еді.