Тимофей Скатов Виченцедегі ATP Challenger турнирін сенімді жеңіспен бастады
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Виченце қаласында өтіп жатқан ATP Challenger сериясындағы турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Турнирдің алғашқы кезеңінде Скатов бельгиялық Готье Онкленді екі сетте жеңіп шықты - 2:0 (6:1, 7:6). Ойын 2 сағат 3 минутқа созылды.
Италия. Виченца Challenger. Ерлер. Топырақ жабындысы – 1/16 финал
Онклен – Скатов – 1:6, 6:7
Екінші кезеңде Скатов Австриядан келген теннисші Лукас Ноймайермен кездеседі. Матч 28 мамырға жоспарланған.
Виченцедегі турнирдің финалдық кездесуі 1 маусым күні өтеді. Сайыстың жалпы жүлде қоры - 91 250 еуро.