Тимофей Скатов Ченнайдағы Челленджер турниріндегі өнерін аяқтады


Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Ченнайда (Үндістан) өткен “Челленджер” санатындағы турнирдегі өнерін тоқтатты. Ол ширек финал кезеңінде Ұлыбритания өкілі Билли Харриске есе жіберді.
Челленджер, 1/4 финал
Тимофей Скатов – Билли Харрис – 3:6, 6:7
Жеңіліске қарамастан, Скатов бұл турнирде өзін мықты қырынан көрсете алды. 1/8 финалда ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Аслан Қарацевті сенсациялық түрде жеңіп, өзінің жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
Айта кетейік, 24 жастағы Тимофей Скатов – Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілерінің бірі. Ол спорттық мансабын Ресейде бастағанымен, 2018 жылы Қазақстан азаматтығын қабылдап, осы елдің намысын қорғауды ұйғарды. Жасөспірімдер арасында Скатов 18 жасқа дейінгі ойыншылар рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанып, ірі халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен. Оның басты жетістіктерінің бірі – 2018 жылы жасөспірімдер арасында “Ролан Гаррос” турнирінде (жұптық сайыста) чемпион атануы. Кәсіби мансабында ол ITF және “Челленджер” турнирлерінде бірнеше титул жеңіп алды. ATP рейтингіндегі ең жоғарғы көрсеткіші – 123-орын. Қазіргі таңда Скатов әлемдік ATP рейтингінде 202-орында тұр.

Футбол
Бүгін 16:00
