Тарихи жетістік: Синнер Джоковичті ойсырата жеңіп, Алькарасқа қарсы финалға шықты
2025 жылғы Уимблдон турнирінің финалына шыққан италиялық Янник Синнер өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы жартылай финалда атақты серб Новак Джоковичті еш қиындықсыз үш сетте жеңді - 6:3, 6:3, 6:4.
Бұл жеңіс Синнерге тек финалға жолдама ғана емес, сонымен қатар тарихи рекорд алып келді. Ол - теннис тарихында «Үлкен дулыға» турнирлерінің төртінде де финалға ең аз мерзім ішінде шыққан алғашқы спортшы. Өзінің алғашқы финалын ол 2024 жылдың қаңтарында Australian Open-де өткізген болатын. Содан бері небәрі алты «Шлем» турнирі ішінде ол қалған үш мэйджордың да финалына жолдама алды.
Бұған дейінгі ең үздік нәтиже америкалық Джим Курьеге тиесілі еді - ол бұл межеге тоғыз турнирде жеткен.
Уимбдон финалында Синнер қазіргі чемпион - испандық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды.
Сондай-ақ Джокович Синнерден жеңілген соң қайта оралуға ниетті екенін айтты.