locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Танаси КОККИНАКИС: “Елена өте байсалды әрі кішіпейіл”

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Танаси КОККИНАКИС: “Елена өте байсалды әрі кішіпейіл”
ФОТО: Getty images

Аустралиялық теннисші қазақстандық теннисші жайлы өз ойымен бөлісті.

— Бірде сіз Рыбакинаны әлемдегі ең сүйкімді қыздардың бірі деп атадыңыз.

“Жоқ, мен оның әлемдегі ең керемет қыздардың бірі болуы мүмкін екенін айттым. Мұнда аздап айырмашылық бар, өйткені мен оның сырт келбетінен гөрі мінезіне тоқталдым. Уимблдон мен Индиан-Уэллсте жеңіске жеткеннен кейін Рыбакина ерекше қуаныш көрсеткен жоқ, тек сәл жымиып қана қойды. Бұл ғажап қой! Ол ешқашан біреуге жаман сөз айтпағандай әсер қалдырады. Елена өте байсалды әрі кішіпейіл,” — деді Танаси “Матч ТВ” арнасына берген сұқбатында.

Бүгінде Елена Рыбакина WTA рейтингінде жекелей сында әлемнің алтыншы сатысында тұр. Ол 2022 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы және 2023 жылғы Australian Open турнирінің финалисі. Теннисшінің еншісінде WTA-ның сегіз бірдей титулы бар.

Сондай-ақ, өз пікірін білдірген Танаси Коккинакис 2022 жылғы Australian Open турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанғанын атап өткен жөн.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie