locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтсіздік. Жукаев Франциядағы турнирдің алғашқы айналымында аутсайдерге жол берді

Теннис
Богдан Писаренко
Богдан Писаренко
Сәтсіздік. Жукаев Франциядағы турнирдің алғашқы айналымында аутсайдерге жол берді
ФОТО: Instagram. Бейбит Жукаев

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев (АТР №213) хард жабындысында өтетін француздық Шербурдегі АТР челленджер турнирін сәтсіз бастады.

Жукаев жарыстың 1-айналымында 8-нөмірлі ретінде кортқа шығып, рейтингте 568-орында тұрған француз Мей Малижбен кездесті. Ол 1 сағат 56 минутқа созылған үш сеттік тартысты матчта сенсациялық жеңіліске ұшырады.

АТР челленджер Шербур. Хард (жабық ғимарат). 1/16 финал

Бейбіт Жукаев (Қазақстан, 8) – Мей Малиж (Франция, WC) – 3:6, 6:2, 4:6

Шешуші үшінші сетте Жукаев өз геймін беріп қойды (3-гейм), содан кейін ойынға қайта орала алмады. 6-геймде оның екі брейк-пойнты болғанымен, ешқайсысын пайдалана алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Попко Чилидегі челленджер турнирінде жұптық сында жарысты аяқтағаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie