Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінен бас тартады
Айтарлықтай шығын
Теннис
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images
Грек теннисшісі Стефанос Циципас, әлемдік рейтингте 26-орында тұрған спортшы, Almaty Open турниріне қатыспайды.
Оның жарыстан бас тартуына Дэвис кубогіндегі Бразилия құрамасына қарсы өткен матчтарда алған жарақаты себеп болды.
Жарақатына байланысты Циципас Жоао Фонсекеге қарсы кездесуде өз мүмкіндігін толық көрсете алмады және дәрігерлермен кеңескен соң, Қазақстандағы турнирден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Негізгі сеткадағы оның орнын италиялық теннисші Лука Нарди алмастырады.
Бұған дейін Ханчжоу турнирінен Тимофей Скатов та шығып қалған болатын.