«Ұстадым оны, жігіттер»: Бублик Синнерге қарсы жеңісін бір сөйлеммен түйіндеді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 500 санатындағы Галле турнирінің екінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді сенсациялық түрде жеңгеннен кейін, әлеуметтік желіде қысқа, бірақ әсерлі пікір қалдырды.
Матчтан кейін Бублик Instagram желісіндегі парақшаға былай деп пікір қалдырды:
«I got him guys» - «Ұстадым оны, жігіттер».
Бұл жеңіс Бублик үшін ерекше мәнге ие болды: ол Синнердің тамыз айынан бері жалғасып келе жатқан бірқатар рекордтық сериясын тоқтатты. Атап айтқанда, Синнер соңғы тоғыз турнирде финалға дейін жетіп, топ-20-ға кірмейтін қарсыластарын 66 рет қатарынан жеңген болатын. Осы көрсеткіштердің бәріне нүкте қойған - дәл осы Александр Бублик.
Айта кетейік, Бублик Синнерді бұған дейін де дәл осы Галледе, 2023 жылы жеңген еді.
