locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соболенко - Қазақстан теннисшісінің Берлиндегі ойыны туралы: Маған өзімнің алғашқы жылдарымды есіме салды

Әлемнің бірінші ракеткасы өткенді еске алып, Германияда өткен ширек финалдық кездесуді бағалады
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Соболенко - Қазақстан теннисшісінің Берлиндегі ойыны туралы: Маған өзімнің алғашқы жылдарымды есіме салды
ФОТО: Getty Images

Әйелдер теннисінің көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенко Қазақстан спортшысының Берлиндегі (Германия) турнирдегі ширек финалдық ойыны туралы пікір білдірді.

«Әлі есімде, көптеген жыл бұрын, мансабымды бастаған тұста матчболдарды қайтарып, өте ауыр матчтарда жеңіске жетуге тура келген еді. Жақында сол уақыттарды ой елегімнен өткізіп, кезінде керемет камбэктер жасағанымды түсіндім», - дейді Соболенко Sport5.by басылымына берген сұхбатында.

Елена Рыбакина Арина Соболенкоға қарсы өте тартысты ойын өткізді. Кездесу беларусь теннисшісінің жеңісімен аяқталды - 7:6, 3:6, 7:6.

Енді Берлиндегі беделді турнирдің финалына шығу үшін Соболенко чех теннисшісі Маркета Вондроушовамен кездеседі. Жарыс 16–22 маусым аралығында Германияда өтуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie