locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шевченко Братиславадағы «Челленджер» турнирін сенімді жеңіспен бастады

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Шевченко Братиславадағы «Челленджер» турнирін сенімді жеңіспен бастады
ФОТО: KTF

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан беделді ATP Challenger турнирінде жарысты сәтті бастады.

Турнирдің алғашқы айналымында Шевченко Германия өкілі Кристоф Негритуды айқын басымдықпен жеңіп, матчты небәрі 1 сағат 8 минутта аяқтады.

ATP Challenger Братислава. Хард. 1-айналым

Александр Шевченко (Қазақстан) - Кристоф Негрита (Германия) — 6:4, 6:1

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Ұлыбританиялық Ян Чоински мен словак Йозеф Ковалик арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.

Бұған дейін, 37 жастағы Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы «Челленджер» турнирінде өнер көрсетіп, жарысты 1/16 финалда аяқтады. Ол 22 жастағы жергілікті спортшы Джек Пиннингтон-Джонсқа есе жіберді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie