Үш сет және тай-брейктегі драма: Данилина алғашқы кезеңде жарыс жолын аяқтады
Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан Цинциннати турнирінде (WTA 1000) жұптық сыннан шығып қалды. Сербиялық Александра Круничпен бірлескен дуэті атақты қарсыластарына – чех Барбора Крейчикова мен латвиялық Елена Остапенкоға лайықты қарсылық көрсетті.
Алғашқы геймдерден-ақ Данилина мен Крунич ойынды өз бақылауында ұстап, бірінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші партияда қарсылас басымдықты өз қолына алып, есепті теңестірді – 2:6. Чемпиондық тай-брейк өте тартысты өтті, бірақ қазақстандық- сербиялық жұп жеңісті қолдан шығарып алды – 8:10. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.
WTA 1000 Цинциннати. Хард. 1-ші айналым (жұптық сын)
Анна Данилина (Қазақстан) / Александра Крунич (Сербия) – Барбора Крейчикова (Чехия) / Елена Остапенко (Латвия) – 6:4, 2:6, 8:10
Бұл Данилинаның қатарынан екінші бастапқы кезеңде жеңілуі. Өткен аптада Монреаль турнирінде де ол Круничпен бірге жарысты алғашқы айналымда аяқтап, 1/8 финалда жеңілген еді.