\"Сен келмейсің\". Соболенко Брисбендегі турнирден кейін Путинцеваға не айтқанын мойындады
Теннис
Богдан Писаренко
Getty Images. Арина Соболенко
2 қаңтарда Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің 1/8 финалында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі Арина Соболенко кездесті. Қос сетте Соболенко жеңіске жетті — 7:6 (7:2), 6:4.
Кездесуден кейін Арина Соболенко корттағы тордың жанында Юлия Путинцевамен болған әңгіме жайлы айтты.
“Досыңа қарсы ойнау қиын, бірақ, білесіздер ме, екеуіміз де матчты ұтқымыз келеді. Кортта біз — қарсыласпыз, ал корттан тыс жерде — достармыз. Ол мені келесі жұмада туған күніне шақырды, ал матчтан кейін: "Сен келмейсің ғой" деді. Бірақ мен: "Мен саған жақсы сыйлық беремін, сен маған ренжіме" дедім”, — деп Брисбен турнирінің сайты Соболенконың сөзін келтірді.