locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рублев ATP 500 турнирінен шығып қалды

Де Минаур бірінші сеттегі ойсырата жеңілгеннен кейін есесін қайтарып, жартылай финалға шықты
Фото: Gettyimages

Ресейлік теннисші Андрей Рублев Бейжіңде өтіп жатқан ATP 500 турниріндегі өнерін аяқтады. Ширек финалда ол австралиялық Алекс Де Минаурға үш сетте есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Андрей Рублев Алекс Де Минаурға қарсы матчты сенімді бастады. Бірінші сетте ресейлік ойыншы кездесуді толық бақылауда ұстап, қарсыласына небәрі бір гейм берді — 6:1. Алайда кейін матч барысы өзгерді. Де Минаур екінші сетте қарқынын арттырып, оны 6:2 есебімен жеңді, ал шешуші партияда 6:3 есебімен мықтырақ шықты.

Кездесу 2 сағатқа созылды. Рублев жеті эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Де Минаурдың еншісінде бір эйс, бір қосарланған қателік және 11 брейк-пойнттың төртеуін іске асыру бар.

«Бесжүздіктен» орын алған жартылай финалда Алекс Де Минаур Хуберт Хуркачпен кездеседі. Польша теннисшісі бұған дейін ресейлік Карен Хачановты жеңген еді. Матч 7:6 (7:2), 6:2 есебімен аяқталды. Осылайша, Де Минаур Бейжіңдегі турнирдің финалына шығу жолындағы күресін жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина да Бейжіңдегі өнерін күтпеген жерден аяқтаған болатын. Қазақстандық теннисші WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Армения өкілі Алина Чараеваға есе жіберді. Матч 6:3, 4:6, 3:6 есебімен аяқталды.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie