Рыбакина Ухандағы турнирде әлеуетті қарсыласын білді
Елена Қытайдағы тағы бір турнирге қатысады
Теннис
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
Уханьда (Қытай) өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің жеребе тартуы өтті, оған Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина да қатысады.
Қазақстандық спортшы уханьдық «мыңдықта» жарысын екінші айналымнан бастайды және Маккартни Кесслер (АҚШ, WTA рейтингінде 39-орын) мен Жаклин Кристиан (Румыния, WTA-дағы 42-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Хард корттағы турнир Уханда 6-12 қазан аралығында өтеді.
Бұл турнирдің жүлде қоры 3,5 миллион доллардан асады.
Елена Рыбакина үшін алдыңғы жарыс Пекиндегі China Open болды, онда ол үшінші айналымда Германиялық Ева Лиске жол берген еді.