locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина тағы да алда: Елена WTA-дағы ерекше рекордты бағындырды

Рыбакина маусымда алғаш болып 300 эйс межесінен асты
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Рыбакина тағы да алда: Елена WTA-дағы ерекше рекордты бағындырды
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылғы WTA маусымында 300 эйс көрсеткішіне алғаш жеткен теннисші атанды. Монреальда өткен турнирдің 1/8 финалындағы жеңістен кейін оның жалпы эйстер саны 302-ге жетіп, Елена ең көп дәл соққы жасаған спортшы ретінде көш бастады.

Одан кейінгі орындарда - даниялық Клара Таусон (264 эйс) мен чехиялық Линда Носкова (263). Үздік бестікке ресейлік Екатерина Александрова (217) мен жапондық Наоми Осака (215) да енген.

Монреаль турнирінің ширек финалында Елена украиналық Марта Костюкпен кортқа шығады. Бұл - Еленаның қатарынан екінші рет украиналық теннисшімен кездесуі болмақ: бұған дейін ол ауыр үш сетке созылған тартыста Даяна Ястремскаяны жеңген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie