Рыбакина Майамиде қанша ақша таба алатыны белгілі болды


АҚШ-тың Майами қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің жүлде қоры жарияланды.
Турнир жеңімпазы 1 124 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Жүлде қоры мен ұпайлардың әрі қарайғы бөлінісі келесідей:
Финал — 597 890 доллар және 650 ұпай
Жартылай финал — 332 160 доллар және 390 ұпай
Ширек финал — 189 075 доллар және 215 ұпай
1/8 финал — 103 225 доллар және 120 ұпай
Үшінші айналым — 60 400 доллар және 65 ұпай
Екінші айналым — 35 260 доллар және 35 ұпай
Бірінші айналым — 23 760 доллар және 10 ұпай.
Турнирдің басты фавориттерінің бірі – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 8-орында). Ол жарысқа жетінші нөмірмен тіркелген.
Айта кетейік, Елена соңғы екі жыл қатарынан Майами турнирінің финалына шыққан.
Престижді турнир 18-30 наурыз аралығында өтеді.

Футбол
Бүгін 06:03
