locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина бес күннен кейін Фернандеспен финалдағы кездесуді қайталауы мүмкін

Қазақстандық теннисші Нинбодағы турнирдің шешуші матчында сенімді жеңіске жеткеннен кейін Токиодағы WTA 500 турнирінде канадалық спортшымен қайта кездесуі ықтимал.
Теннис
Рыбакина бес күннен кейін Фернандеспен финалдағы кездесуді қайталауы мүмкін
Фото: WTA

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қытайлық Нинбода өткен WTA 500 турнирінің финалында канадалық теннисші Лейла Фернандесті жеңгеннен кейін бес күн өтпей-ақ онымен қайта ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі спортшы да 26 қазанда басталған Токиодағы жарыстың турнирлік кестесінің бір ширегіне түсті.

Егер екі теннисші де алдыңғы кезеңдерден сәтті өтсе, олардың қайта кездесуі 30 қазанда ширек финалда өтуі мүмкін.

Рыбакина бірінші нөмірлі болып, бірінші айналымға қатысудан босатылды. Қазақстандық теннисші алғашқы матчын 28 немесе 29 қазанда отандасы Юлия Путинцева мен Грекия өкілі Мария Саккари арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы өткізеді.

Фернандесті бұдан да күрделі жол күтіп тұр. Канадалық спортшы турнирдегі алғашқы матчын ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған жапониялық Химэно Сакацумэге қарсы өткізеді.

Фернандес жеңіске жеткен жағдайда Моюка Утидзима — Элизе Мертенс жұбының мықтысымен кездеседі.

Осылайша, ширек финалға шығу үшін Рыбакинаға бір жеңіс жеткілікті болса, оның әлеуетті қарсыласына екі кездесуде жеңіске жету қажет.

Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші бұған дейін Токиодағы турнирде Фернандесті жеңген. 2025 жылғы қазанда Рыбакина жарыстың екінші айналымында канадалық спортшыдан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

Қазіргі таңда өзара кездесулердегі есеп Қазақстан өкілінің пайдасына 4:2 болып тұр. Сонымен қатар соңғы үш матчтың барлығында Рыбакина жеңіске жетті.

Еске салайық, 25 қазанда қазақстандық теннисші Нинбода чемпиондық атағын қорғап, финалда Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Токиодағы WTA 500 турнирі 1 қарашада аяқталады. Жартылай финалдық кездесулер 31 қазанға, ал ширек финал матчтары 30 қазанға жоспарланған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie