Винисиус топ-15-ке де кірмеді, Беллингем — 11-орында: «Алтын доп» — 2026 сыйлығының алғашқы нәтижелері жарияланды
26 қазанда Лондонда «Алтын доп» — 2026 жүлдесін табыстау рәсімі өтеді. Іс-шара басталмай тұрып-ақ ұйымдастырушылар әлемнің үздік футболшыларының қорытынды рейтингін жариялай бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Басты тосынсыйлардың бірі — мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниордың рейтингіде төмен орналасуы болды. Бразилиялық футболшы 17-орынға табан тіреп, тіпті үздік 15 ойыншының қатарына да кіре алмады.
Мадридтік клубтың жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 11-сатыға жайғасып, үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды.
Басты жүлде үшін күрестен шығып қалған футболшылардың қатарында мюнхендік «Баварияның» өкілдері Луис Диас пен Дайо Упамекано да бар.
«Алтын доп» — 2026 рейтингінде жарияланған орындар:
11. Джуд Беллингем («Реал»)
12.Пау Кубарси («Барселона»)
13.Ашраф Хакими («ПСЖ»)
14.Витинья («ПСЖ»)
15.Деклан Райс («Арсенал»)
16.Ферран Торрес («Барселона»)
17.Винисиус Жуниор («Реал»)
18.Марк Кукурелья («Челси»)
19.Жоау Невеш («ПСЖ»)
20.Виллиан Пачо («ПСЖ»)
21.Габриэл Магальяйнс («Арсенал»)
22.Лаутаро Мартинес («Интер»)
23.Нуну Мендеш («ПСЖ»)
24.Луис Диас («Бавария»)
25.Маркиньос («ПСЖ»)
26.Дайо Упамекано («Бавария»)
27.Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»)
28.Хулиан Киньонес («Аль-Кадисия»)
29.Садио Мане («Аль-Наср»)
30.Вильям Салиба («Арсенал»)
Осылайша, рейтингтің үздік ондығына қатысты интрига әлі де сақталып отыр. Басты жүлдеге үміткерлер қатарында Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль, Харри Кейн және әлем футболының басқа да жұлдыздары қалды.
«Алтын допты» табыстау рәсімі тарихта алғаш рет Лондонда өтеді. Жылдың үздік футболшысының есімі салтанатты шара барысында белгілі болады.