Рыбакина Андреескуке есе жіберіп, Римдегі беделді турнирден шығып қалды
Теннис
Дамир Кошечкин
Журналист
Рыбакина Андреескуке есе жіберіп, Римдегі беделді турнирден шығып қалды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Римде өтіп жатқан турнирдің үшінші кезеңінде канадалық Бьянка Андреескумен (WTA рейтингінде 121-орында) кездесті.
Рыбакина бұл кездесудің фавориті саналғанымен, қарсыласынан екі сетте жеңіліп қалды – 0:2 (2:6, 4:6).
Italian Open. Рим. 1/16 финал
Елена Рыбакина (Қазақстан, 11) – Бьянка Андрееску (Канада) – 0:2 (2:6, 4:6)
Рыбакина бұл турнирді неміс теннисшісі Ева Лиске қарсы жеңіспен бастаған еді.
Айта кетейік, Елена 2023 жылы осы беделді турнирдің чемпионы атанған болатын.