Путинцева Азия ойындарында-2026 ширек финалға шықты
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының теннис турнирінде ширек финалға шықты, Sports24.kz.
1/8 финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Қытай Тайбэйінің өкілі Я-и Янды 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу шамамен бір жарым сағатқа созылды.
Путинцева қарсыласының 47 ұпайына қарсы 68 ұпай жинады. Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық теннисші 1/8 финалдағы тағы бір матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Осылайша, Юлия 2026 жылғы Азия ойындарында ширек финалға шыққан Қазақстан теннис құрамасының алғашқы өкілі атанды.
Ерлер арасындағы жекелей сында Александр Шевченко 1/16 финалда Непал өкілі Абхишек Бастолуды 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Тимофей Скатов ирандық Касра Рахманиді үш сетте 2:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
29 қыркүйекте әйелдер арасындағы турнирде Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін таласады. Сондай-ақ бұл күні Қазақстанның үш жұбы өнер көрсетеді.
Қазақстанның теннис құрамасы Азия ойындарында әзірге бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ. Елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесіне ие Александр Бублик жарысқа қатыспайды.
XX жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 45 елдің спортшылары қатысып, 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан намысын спорттың 35 түрінен 558 спортшы қорғайды.