locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Орталық Азияда алғаш рет: Астанада ITF Futures Series халықаралық теннис турнирлері сериясы өтеді — KPMG Open

Орталық Азияда алғаш рет:  Астанада ITF Futures Series халықаралық теннис турнирлері сериясы өтеді — KPMG Open
ФОТО: gettyimages.com

31 мамырдан 7 маусымға дейін мүгедектер арбасында теннис ойнайтын үздік спортшылар елордада жиналып, титулдар мен жүлделер үшін күреседі.

Жарысқа АҚШ, Жапония, Австралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Қазақстан елдерінен спортшылар қатысады.

Қатысушылар арасында әлемдік рейтингтің ТОП-100 қатарына кіретін 3 ер және 4 әйел спортшы бар. Олар — жапон Тамоя Тачи (57), кореялық Ли Джин Хван (74), жапон Юшинобу Фуджимото (82), ресейлік Виктория Львова (21), австралиялық Сэлли Шварц (41), кореялық Джу Юн Пак (60), ресейлік Людмила Бубнова (60) және қазақстандық Айжан Бутимбаева (84).

Турнир Қазақстан теннис федерациясы мен KPMG компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл өңір тарихындағы ерекше шара, ол мүгедектер арбасындағы теннисті дамытып, инклюзивті спортты алға жылжытуды көздейді.

Барлық ойындар Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді. Турнир екі кезеңге бөлінеді: KPMG Open 1 — 31 мамырдан 3 маусымға дейін және KPMG Open 2 — 4-7 маусым аралығында. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімдері 3 және 7 маусымда ұйымдастырылады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie