Миксттегі жеңіліс United cup 2025 Қазақстан — Польша матчының нәтижесін анықтады
Теннис
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
United Cup 2025 турнирінің жартылай финалындағы Қазақстан мен Польша арасындағы матчта аралас жұптар сайысы өтті.
Қазақстан атынан кортқа Александр Шевченко (әлемнің 78-ракеткасы) мен Жибек Куламбаева (WTA рейтингінде 315-орында) шықты. Олардың қарсыластары Ян Зелински (рейтингте жоқ) мен Майя Хвалинска (128-орын) болды. Бірінші сетте поляктар жеңіске жетті — 6:4, екінші партияда да олар басым болды — 6:1.
Осылайша, Қазақстан — Польша матчы 0:3 есебімен аяқталды. Польша финалға шығып, Қазақстан турнирді аяқтады.
Айта кетейік, жеке сында Александр Шевченко Хуберт Хуркачқа, ал Елена Рыбакина Ига Швёнтекке қарсылас болды, бірақ жеңіске жете алмады.