locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мерейтойлық жеңіс: Медведев мансабындағы 300 матчына қол жеткізді

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мерейтойлық жеңіс: Медведев мансабындағы 300 матчына қол жеткізді
ФОТО: Getty images

Әлемнің алтыншы ракеткасы, ресейлік теннисші Даниил Медведев кәсіби мансабындағы айтулы межеге жетті. Ол Дохада (Катар) өтіп жатқан ATP-500 турнирінің ширек финалына шығып, өзінің 300-жеңісін тойлады. Бұл жетістікке ол әлемнің 58-ракеткасы бельгиялық Зиза Бергсті сенімді түрде жеңіп жетті. Кездесу небәрі 56 минутқа созылып, Медведев 6:2, 6:1 есебімен айқын басымдық танытты.

Медведев 1996 жылы және одан кейін туған ойыншылар арасында хардта 300 жеңіске жеткен алғашқы теннисші атанды.

Енді жартылай финалға шығу үшін ресейлік теннисші әлемнің 23-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кортқа шығады.

Сонымен қатар, ATP рейтингінің соңғы жаңартылған нұсқасында Медведев сербиялық теннис аңызы Новак Джоковичті жетінші орынға ығыстырып, өзі алтыншы орынға көтерілді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie