locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Медведев Бублик пен Зверевтің ойынын салыстырды

Ресейлік теннисші Галледегі финалдан кейін әсерімен бөлісті
Теннис 25 мау 2025 01:20
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Медведев Бублик пен Зверевтің ойынын салыстырды
ФОТО: Getty Images

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы, Ресейдің бірінші нөмірлі теннисшісі Даниил Медведев Германияның Галле қаласында өткен ATP-500 турнирінің финалында Александр Бубликке (3:6, 6:7) жол бергеннен кейін қазақстандық пен неміс теннисшілерінің стилін салыстырды.

«Бәрі майда-шүйде факторларға байланысты, әсіресе шөпте. Саша қазір ерекше мықты ойын көрсетіп жүр, қысым қатты. Подача керемет, бұрынғыдай қос қателер де аз. Екі брейк-пойнтта тамаша қысқарта соқты, ал мен Зверевпен болған матчтан кейін шаршап қалдым. Басқа күні болсам, сол доптарға жетуге тырысар едім, шөпте қайтару мүмкін болмаса да, қарсылас қателесуі мүмкін. Ал мына жолы – екіншісіне мүлде жүгірмедім», – деді Медведев «Больше!» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ тай-брейктегі шешуші сәттерді атап өтіп, бірінші болып шабуылға шыққанын айтты, өйткені Бубликке мүмкіндік бергісі келмеген.

«Шешімдерім дұрыс болды, бірақ кейбір соққылар орынсыз шықты. Бүгінгі матчта Саша сәл де болса артық болды. Неліктен сәл ғана? Себебі матчта бір ғана брейк жасалды. Менде де, онда да брейк-пойнттар болды, менде тіпті сетбол бар еді. Бірақ соңында Саша жеңді. Шөптегі теннис осындай – ұсақ сәттер шешуші рөл атқарады».

Еске сала кетейік, жартылай финалда Медведев Германияның үздігі Александр Зверевті 7:6 (7:3), 6:7 (1:7), 6:4 есебімен жеңген болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie