locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Майамидегі сенсация. 19 жастағы Меншик Джоковичті финалда жеңіп, алғаш рет «Мастерс» турнирінде топ жарды

Теннис 31 нау 2025 01:54
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Майамидегі сенсация. 19 жастағы Меншик Джоковичті финалда жеңіп, алғаш рет «Мастерс» турнирінде топ жарды
ФОТО: Getty images

Новак Джокович өзінің жүзінші титулына бір қадам жетпей тоқтады. ATP Masters санатындағы Майами турнирінің финалында әлемнің бесінші ракеткасы 19 жастағы чех теннисшісі Якуб Меншикке есе жіберді. Кездесу 6:7 (4:7), 6:7 (4:7) есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 5 минутқа созылды.

Жас спортшы тәжірибелі қарсыласына қарсы өте сенімді ойнады. Ол 14 эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және үш брейк-пойнттың бірін тиімді пайдаланды. Джокович те бір брейк жасап, 7 эйс орындады, алайда шешуші сәттерде жол беріп, екі тай-брейкте де жеңілді.

ATP 1000 Майами. Хард. Финал
Якуб Меншик (Чехия) – Новак Джокович (Сербия) [4] – 7:6 (7:4), 7:6 (7:4)

Бұл Меншиктің мансабындағы алғашқы «Мастерс» деңгейіндегі чемпиондығы. Осы жеңісінің арқасында ол ATP рейтингінде 24-орынға көтеріледі және алғаш рет әлемнің үздік отыздығына енеді. Чемпиондық жарыста да алтынышы орынға тұрақтайды. Джокович ATP рейтингінде бесінші сатыда қалады, бірақ чемпиондық бәсекеде бір орын төмен сырғып, төртінші болады. Майами титулы оған тағы да бағынбай қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie