Әлемнің екінші ракеткасы жеңілді. Рыбакина Швентекті WTA қорытынды турнирінде ұтты
Үш сеттегі күйретуші жеңіс
Теннис
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңіндегі матчта әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті айқын басымдықпен жеңді.
Бірінші сет Рыбакина үшін аса сәтті басталмады, поляк теннисшісі 6:3 есебімен алға шықты. Алайда одан кейін алаңда нағыз сенсация орын алды. Қазақстандық спортшы қарсыласына екі сетте тек бір гейм ғана ұтып алуға мүмкіндік беріп, сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Рыбакина өз тобының көшін бастап келеді.
Теннис. WTA қорытынды турнирі
Ига Швентек (Польша) – Елена Рыбакина (Қазақстан) – 1:2 (6:3, 1:6, 0:6)
Группалық кезеңнің соңғы матчында Рыбакина америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі. Бұл ойын сәрсенбі, 5 қараша күні өтеді.