locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлемнің екінші ракеткасы Швёнтектің бапкері Елена Рыбакинаны ең қиын қарсылас деп атады

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Әлемнің екінші ракеткасы Швёнтектің бапкері Елена Рыбакинаны ең қиын қарсылас деп атады
ФОТО: Getty images

Әлемдік WTA рейтингісінде екінші орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтектің бапкері Вим Фиссетт қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаны Швёнтек үшін ең қиын қарсылас деп атады.

Польшадағы Przegląd Sportowy басылымына берген сұқбатында Фиссеттке Швёнтек үшін ең ауыр қарсылас кім екенін сұрады. Бельгиялық маман бірден: “Рыбакина”, – деп жауап берді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Елена Рыбакина керемет нәтижелер көрсетіп, Брисбен, Әбу-Даби және Штутгарттағы WTA 500 турнирлерінде жеңіске жетті. Ол Уимблдонның жартылай финалына дейін жетіп, Сауд Арабиясында өткен WTA Финалдық турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арине Соболенконы жеңді, бірақ топтық кезеңнен шыға алмады.

25 жастағы Елена Рыбакина маусымды WTA әлемдік рейтингісінде алтыншы орынмен аяқтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie