Командалық рух пен ел маңыздырақ: Рыбакина Біріккен Кубокты таңдауын түсіндірді
2024 жылдың 27 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Австралияның Сидней және Перт қалаларында аралас командалар арасында United Cup турнирі өтеді.
Қазақстан құрамасы “С” тобына түсіп, Испания және Греция командаларымен кездеседі. Қазақстан құрамасының сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко, сондай-ақ команда капитаны Александр Недовесов өнер көрсетеді.
27 желтоқсандағы алғашқы матчта Елена Рыбакина испандық Джессика Бузас Манейромен кездессе, Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустамен ойнайды.
Осы уақытта Елена Рыбакина Брисбенде өткен жылы жеңіп алған титулын қорғауы керек болатын, ол жерде 500 рейтингтік ұпайға ие болған еді. Алайда, Елена командалық турнирді таңдады. Өз таңдауын ол Қазақстанды United Cup турнирінде таныстырудың маңыздылығымен түсіндірді.
“Мен United Cup турниріне қатысуды көптен бері қаладым. Себебі теннис – жеке спорт түрі, және бізге команданың бөлігі болу сирек бұйырады. Ал мен үшін командалық атмосфера мен бір-бірімізді қолдау әрқашан ерекше эмоция сыйлайды. Сондай-ақ, ең маңыздысы – мен өз елімді таныта аламын”, – деп КТФ Еленаның сөзін келтірді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы United Cup турниріне екінші рет қатысады. Алғаш рет ұлттық команда бұл турнирде 2023 жылы дебют жасаған болатын.
Футбол
Бүгін 15:45
Бокс
Бүгін 14:34