locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Күн сайын дамуға тырысып жатырмыз». Елена Рыбакина маусымның алғашқы бөлігіне баға берді

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Күн сайын дамуға тырысып жатырмыз». Елена Рыбакина маусымның алғашқы бөлігіне баға берді
ФОТО: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзінің қазіргі маусымына қатысты пікір білдіріп, өткен жылдың соңын өткізіп алғаннан кейін әлі де бұрынғы қалыпты деңгейіне жете алмай жүргенін атап өтті.

Қазақстанның бірінші ракеткасының айтуынша, 2025 жылғы маусымның бастауы оңай болмаған. Әдетте маусым алдындағы дайындықтан кейін Елена тез қарқын алып, тұрақты нәтиже көрсететін. Алайда бұл жолы бәрі өзгеше өрбіді.

«Бұл менің бұған дейінгі маусымдардағыдай жақсы бастама емес екені анық. Өткен жылы маусымның соңында ойнаған жоқпын, сондықтан қазір өзім қалаған деңгейге қайта оралу үшін уақыт қажет. Дегенмен, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз. Қазір барлық қырынан жұмыс істеп, күн сайын дамуға тырысып жатырмыз»,- деді Рыбакина.

28 мамыр күні «Ролан Гаррос» турнирінде Елена 17 жастағы америкалық Ива Йовичті сенімді түрде жеңіп, мансабында үшінші рет Париждегі жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie