Кезекті қарсылас тізе бүкті! Бублик Париждегі «Мастерс» жартылай финалына шықты
Төртінші қатарынан жеңіс
Теннис
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Париждегі ATP 1000 турнирінде қарсыластарын сенімді түрде жеңуді жалғастыруда. Әлемнің 16-ракеткасы рейтингте өзін жоғары тұрған қарсыласын жарыстан шығарып тастады.
Дегенмен, Алекс Де Минорға қарсы матч Бублик үшін бастапқыда сәтсіз басталды – қазақстандық теннисші бірінші сетте тай-брейкте ұтылды. Алайда қалған екі партияда ол ойын барысын өзіне бұрып, жеңісті жұлып алып, жартылай финалға жолдама алды.
Теннис. ATP 1000 (Париж). Ширек финал
Александр Бублик (Қазақстан) – Алекс Де Минор (Аустралия) – 2:1 (6(5):7, 6:4, 7:5)
Финалға шығу үшін Бублик әлемнің оныншы ракеткасы, Франция өкілі Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Матч 1 қарашада өтеді, басталуы шамамен – Астана уақыты бойынша 15:30.