Каспер Рууд «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымындағы жеңілісін түсіндірді
Норвегиялық теннисші жарақатының матч барысына әсер еткенін жасырмады
Теннис
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Әлемнің сегізінші ракеткасы норвегиялық Каспер Рууд Франциядағы ашық чемпионаттың екінші кезеңінде португалиялық Нуну Боржештен жеңіліс тапқанына қатысты пікір білдірді.
«Соңғы бірнеше аптада тізем қатты ауырып жүр. Бұл – менің Женева турнирінен неге бас тартқанымның басты себебі. Жаттығуда кей қозғалыстардан қашуға болады, ал матчта бәрін бақылау әлдеқайда қиын. Бірақ Боржештің жеңісін төмендеткім келмейді – ол керемет матч өткізді, өте жоғары деңгей көрсетті», – деді Рууд баспасөз мәслихатында.
Ойын Нуну Боржештің 2:6, 6:4, 6:1, 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Келесі айналымда ол осы турнирдің 25-ракеткасы саналатын австралиялық Алексей Попыринмен кездеседі.
Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінде ойынын қалай жақсартқаны жайлы бөлісті.