locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Карлос Алькарас: Синнерге қарсы ойнау — теннистегі ең қиын сынақ

Бұл туралы испандық теннисші бәрінен жақсы біледі
Теннис
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: AP

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас қазіргі кезде өзі үшін ең қиын қарсылас — италиялық Янник Синнер екенін мойындады.

US Open-2025 турнирінің чемпионының айтуынша, олардың текетіресі қазіргі заманғы теннистің басты безендіруіне айналды.

«Жоқ, бұл оңай емес. Оңай болғанын қалар едім. Бірақ қазір Янникке қарсы ойнау — теннистегі ең ауыр сынақ деп айтар едім. Оның деңгейі, әсіресе физикалық дайындығы қатты өсті. Оның ойынынан әлсіз тұстарын табу өте қиын», — деді Алькарас ESPN-ге берген сұхбатында.

Жуырда Нью-Йоркте өткен US Open турнирінде теннисшілер осы маусымда бесінші рет кортта жолығып, тағы да жанкүйерлердің зор қызығушылығын тудырды. Турнирдің финалында Алькарас Синнерді төрт сетте — 6:2, 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, тағы бір «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды.

Алькарас пен Синнердің бәсекелестігі жаңа буын теннисінің басты дуэльдерінің бірі саналады. Екеуі де жас болса да, ATP рейтингінің жоғарғы сатысында және әрдайым жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Жанкүйерлер үшін олардың кездесулері — көрнекілік пен интриганың кепілі, ал спортшылар үшін — үлкен сынақ әрі алға ұмтылуға түрткі.

US Open финалы туралы толығырақ осында жазғанбыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie