Илемона ОНЕКУТУ: “Рыбакина матчты артқы сызықтан бақылап, сенімді жеңіске жетеді”.
Танымал Lastwordonsports сайтының сарапшысы Илемона Онекуту 2025 жылғы Australian Open турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен америкалық дарын Ива Йович арасындағы матчқа талдау жасап, өз болжамын ұсынды.
“Рыбакинаның керемет доп беру техникасы мен алғашқы айналымдағы сенімді өнер көрсетуі оны Йовичке қарсы кездесуде сөзсіз фаворитке айналдырады. Әлемдік деңгейдегі тәжірибесі жеткіліксіз Йовичке бұл матч оңай тимейді. Рыбакина ойынның барысын артқы сызықтан толық бақылап, салмақты әрі сенімді жеңісіне қол жеткізеді. Болжам: Рыбакина екі сетте жеңіске жетеді”, – деп келтіреді Онекутудың сөзін Sports.kz.
Айта кетейік, алғашқы айналымда Елена Рыбакина өз шеберлігін паш етіп, аустралиялық Эмерсон Джонсты екі сетте айқын басымдықпен жеңген болатын.