locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ига Швентек: Уимблдонды өткізбеймін – бәрі жалған ақпарат

Теннис
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Ига Швентек: Уимблдонды өткізбеймін – бәрі жалған ақпарат
ФОТО: Ведомости

Әлемнің екінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы Ига Швентек травяной маусымнан бас тартатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бұған дейін кейбір БАҚ Швентек маусымдағы Рим мен Франция ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсетсе, Уимблдонды өткізіп алуы мүмкін деген мәлімет таратқан.

«Мұны кім айтты? Бұған сенбеңіздер. Соңғы күндері мен туралы қаншама жалған пікір мен теорияны көрдім. Әсіресе, поляк басылымдарында. Мен Уимблдоннан бас тартуды жоспарламаймын. Жыл сайын шөпте ойнауды жақсарту мүмкіндігі деп қараймын. Әрине, жарақат болмаса – Уимблдонда ойнаймын», – деді теннисші журналистерге.

Зверев «Мастерс» турниріндегі фавориттер туралы: Бәрі Синнер, Алькарас және меннен басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie