Ханчжоу Жукаевқа бағынбады: қазақстандық теннисші іріктеудің алғашқы кезеңінде сүрінді
Әлемдік рейтингте 207-орында тұрған қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Ханчжоудың (Қытай) хард корттарында өтетін АТР-250 турнирінің іріктеуінде өнер көрсетті.
Алғашқы матчта ол рейтингте 109-орында тұрған америкалық Нишеш Басавареддиден жеңіліп қалды. Қарсыластары кортта бір жарым сағаттай ойнады. Кездесу америкалықтың пайдасына аяқталды — 2:6, 6:7 (3:7).
Қытай. Hangzhou ATP, Іріктеу. Хард – 1/2
Басаваредди – Жукаев – 6:2, 7:6
Іріктеудің шешуші раундында 20 жастағы америкалық теннисші өз елінің өкілі Тристан Бойермен немесе бельгиялық Готье Онклинмен кездеседі.
Негізгі сеткадағы матчтар 17 қыркүйекте басталады. Қазақстан атынан жарысқа елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик қатысады. Ол турнирді екінші айналымнан бастайды.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева мансабындағы алғашқы WTA титулын жеңіп алды.