Гштад бағынбады: Дмитрий Попко іріктеу кезеңінде жас Бернеден жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингінде №176) Швейцарияның Гштад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирде іріктеу кедергісінен өте алмады. Бірінші кезеңде ол wild card арқылы жарысқа қатысқан 18 жастағы Анри Бернеге (№780) жол берді.
Ойын 1 сағат 33 минутқа созылды. Бірінші сет тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда Попко бірнеше маңызды қателікке жол берді – 6:7(4). Екінші партияда швейцариялық брейк жасап, 6:3 есебімен жеңісті өз пайдасына түйіндеді. Осылайша, рейтингтегі едәуір айырмашылыққа қарамастан, жас ойыншы сенсация жасап, келесі кезеңге жолдама алды.
ATP 250 Гштад , Іріктеу, 1-кезең
Дмитрий Попко (Қазақстан, №176) — Анри Берне (Швейцария, №780)
Бұл жеңілістен кейін Дмитрий Попко турнирді негізгі кезеңге жете алмай аяқтады
Еске салайық, бұған дейін де Попко Уимблдон-2025 турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы айналымнан аса алмаған болатын.