Григорий Ломакин Үндістандағы ITF турнирінің ширек финалына шықты
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Егор Агафоновпен бірге Үндістанда өтіп жатқан M25 ITF турнирінде сәтті бастады.
Алғашқы айналымда Григорий мен Егор оңтүстіккореялық жұп Ёнсок Ён мен Уй Сун Пакты 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Ширек финалда қазақстандық пен ресейлік жұп үндістандық Ишаку Экбал және Ариан Шах дуэтімен кездеседі. Матч 16 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 09:30-да өтеді.