locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Головкин Рыбакинаның US Open-дегі тарихи жеңісіне үн қатты

Қазақстан ҰОК президенті және World Boxing басшысы Еленаны Нью-Йорктегі алғашқы титулымен құттықтады
Головкин Рыбакинаның US Open-дегі тарихи жеңісіне үн қатты
ФОТО: IG GGG

Геннадий Головкин Елена Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі жеңісімен құттықтады. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті әрі World Boxing басшысы теннисшінің тарихи жетістігіне әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Толықтай лайықты жеңіс. Құттықтаймын, Елена!» - деп жазды Головкин.

Рыбакина үшін бұл жеңіс бірден бірнеше тұрғыдан тарихи болды. Финалда ол Арина Соболенконы үш сетте - 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, карьерасында алғаш рет US Open чемпионы атанды.

Нью-Йорктегі жүлде қазақстандық теннисшінің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы болды. Бұған дейін ол Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 жарыстарында топ жарған. Бір қызығы, биылғы екі хард «Үлкен дулығасының» финалында да Рыбакина бір қарсыласты - Соболенконы жеңді.

Елена шешуші матчқа дейін-ақ WTA рейтингіндегі бірінші орнын қамтамасыз еткен еді. Рейтинг жаңарғаннан кейін ол карьерасында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанып, жекелей сында бұл межеге жеткен Қазақстанның алғашқы өкілі болады.

Нью-Йорктегі жеңіс Соболенконың әлемдік рейтингтегі ұзақ мерзімді көшбасшылығына да нүкте қойды. Беларусь теннисшісі бірінші орынды 99 апта бойы ұстап келген еді.

Рыбакина үшін 2026 жыл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең нәтижелі маусымға айналды. Ол бір жылдың ішінде Australian Open мен US Open-ді жеңіп алды. Енді карьералық «Үлкен дулығаны» толық жинау үшін Еленаға тек «Ролан Гаррос» титулы жетіспейді.

ФОТО: Getty images
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie