Генри Бернет Australian Open жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Швейцариялық теннисші Генри Бернет Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы финалда америкалық Бенджамин Уиллвертті жеңді.
Australian Open-2025, жасөспірімдер
Генри Бернет (Швейцария) — Бенджамин Уиллверт (АҚШ) — 6:3, 6:4
Матч 1 сағат 12 минутқа созылды. 18 жастағы Бернет бес эйс жасаса, 17 жастағы Уиллверт тек бір эйс орындады.
25 қаңтар, сенбі күні Мельбурнде әйелдер арасындағы жеке сын, ерлер арасындағы жұптық сын және жасөспірім қыздар арасындағы жеке сын финалдары өтеді.
26 қаңтар, жексенбі күні ерлер арасындағы жеке сын мен әйелдер арасындағы жұптық сын финалдары жоспарланған.
Аустралиялық Гадеки мен Пирс Australian Open-2025 турнирінде микстте жеңіске жетті