Ертегідей олжа: Соболенко Нью-Йорктегі триумфы үшін рекордтық сыйақы алды
Арина Соболенко US Open жеңісі үшін қанша табыс тапты?
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
US Open-2025 финалы беларусь теннисшісі Арина Соболенко үшін тек жеңіс қана емес, әйелдер теннисіндегі тарихи бетбұрыс болды. Нью-Йорк корттарындағы бұл триумф әлемнің бірінші ракеткасына рекордтық 5 000 000 доллар сыйақы әкелді. Бұған дейін ешбір «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы мұндай көлемдегі сыйақыны иеленген емес.
Қаржылай жүлдеден бөлек, Соболенко 2000 рейтингтік ұпайға қол жеткізіп, әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын бұрынғыдан да нығайтты.
Айта кетейік, шешуші ойында Арина америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 7:6(3) есебімен ұтып, мансабындағы екінші US Open трофейін иеленді.