locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ерекше қиындықсыз. Рыбакина Ухань турнирінің 1/8 финалына шықты

Қарсыласы қарсылық көрсетуге тырысты
Теннис
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Ерекше қиындықсыз. Рыбакина Ухань турнирінің 1/8 финалына шықты
ФОТО: Getty Images

Ухань ашық чемпионатының 1/16 финалдық матчында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №9) румыниялық қарсыласы Кристиан Жаклинмен (WTA №48) кездесті. Қарсылас барынша қарсылық танытқанымен, Рыбакина өз дегеніне жетіп, жеңіске жетті.

Матчтың тағдыры екі сетте шешілді. Алғашқы сет шиеленісті өтті: румын теннисшісі партия есебін 4:4-ке дейін жеткізе алды. Дегенмен соңғы екі геймде Рыбакина суыққандылық танытып, сенімді түрде оларды жеңіп, бірінші сетті өз пайдасына жапты.

Екінші сетте қазақстандық спортшы әлдеқайда сенімді ойнап, геймдер есебін 6:3-ке жеткізді. Осылайша ол 1/8 финалға жолдама алды, онда оны Чехиядан келген Линда Носкова күтіп тұр. Носкова алдыңғы кезеңде дәл осындай 2:0 есебімен Наоми Осаканы жеңген болатын.

WTA 1000 (Ухань, Қытай). 1/8 финал

Елена Рыбакина (WTA №9) - Жаклин Кристиан (WTA №48) - 2:0 (6:3, 6:4)

Бұл теннисшілердің төртінші кездесуі болды және соңғы екі айдағы екінші матч. 2025 жылдың тамызында Монреальдағы турнирде Рыбакина дәл осы есеппен Жаклинді тізе бүктірген еді. Жалпы алғанда, қазақстандық теннисшінің румын қарсыласына қарсы үш жеңісі мен бір жеңілісі бар.

Бұған дейін Анна Данилина жұптық жарыста Ухань ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie