Эмма Радукану Рим турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Чемпионат
Ұлыбританиялық теннисші Эмма Радукану Римде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды.
22 жастағы Радукану бірінші айналымда 78-ракетка, 19 жастағы австралиялық Майя Джойнтты үш сеттік тартысты матчта жеңіп шықты – есеп: 7:5, 6:7 (1:7), 6:3. Кездесу 2 сағат 46 минутқа созылды.
Келесі айналымда британдық теннисші WTA рейтингінде 20-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровамен кездеседі.
Эмма Радукану — 2021 жылғы US Open турнирінің жеңімпазы.
Янник Синнер Рим турниріндегі алғашқы қарсыласы кім болуы мүмкін екенін білді.